№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | 2023-2024 жылдық есеп | ![]() |
2 | 2024-2025 жылдық есеп | ![]() |
3 | 2024-2025 оқу жылы Жас Ұлан, Жас қыран жоспары | ![]() |
ТӨРТ ТОҚСАН – ТӨРТ ӨНЕР»
ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ЖОБАСЫ аясында, төртінші тоқсан, “Туған өлкем” бағыты жоспарына сәйкес, оқушылардың белсенді азаматтық ұстанымын дамыту, отансүйгіштік пен азаматтық сезімін тәрбиелеу, салауатты өмір салтын насихаттау, туған өлкені зерделеу арқылы туристік-өлкетану қызметін жандандыру мақсатында, мектеп парламенті белсенділерінің, Eko-Bolashak» – абаттандыру, көгалдандыру бойынша атқарылған экологиялық акциясының жұмысы туралы бейнероликті ұсынамыз.
2023 жылдың 21 сәуір күні, мектеп парламентінің, “ұшқыр ой алаңы” дебат қозғалысы фракциясының ұйымдастыруымен, төртінші тоқсан, «ТУҒАН ӨЛКЕМ» фестивалі аясында, «Zhasyl El» – қалалық орта экологиясы бағытында, жақтаушы «Атмосфералық ауаның тазалығын сақтау- маңызды экологиялық үрдіс», даттаушы «Ауаның тазалығы-табиғат өзі реттейтін құбылыс» атты тақырыптарда эко-дебат өткізілді.
Мектеп парламенті, “Қамқорлық” фракциясының жоспарына сәйкес, “Игі істер күні” аясында, мектеп парламенті “Жақсылық жасап жарысайық” қамқорлық акциясын ұйымдастырды. Акция аясында азық-түлік қорапшалары таратылды. Әрқашанда кез-келгеніміз жақсылық жасасақ,бізге тек жүрегімізге жылылық ұялайды.Көмек беру-әр тұлғаның бойына дарыған күштің иесі.Көмек көрсету-ұлы сезім ұялату. #ЖақсылықЖасапЖарысайық
Мектеп парламенті, «Спорт» фракциясының жоспарына сәйкес, “Ұлттық ойындар” күні аясында, қазақ халқының ұлттық мәдени құндылықтарын сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын, асық ату, арқан тарту және тоғызкұмалақ ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Ойын түрлеріне 5-8 сынып оқушылары қатысып, ерекше белсенділік танытты және мадақтама грамоталарымен марапатталды.
2023 жылдың 6 наурыз күні, №3 ЖББМ-де, Мектеп парламенті, мәдениет фракциясының ұйымдастыруымен, 3-4 сынып оқушыларының арасында «Көктем аруы» атты байқауы өткізілді. Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт - дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу. Байқау 4 кезең бойынша бағаланды. 1. Өзін - өзі таныстыру. 2. Өнер көрсету 3. Сұрақ - жауап. 4. Сән үлгісі. Инабаттылығымен, өнерімен көзге түскен аруларымыз байқау нәтижесі бойынша жүлделі орындар және номинациялармен марапатталды.
2023 жылғы 13 ақпан күні, Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 34 жыл толуына орай Жезқазған қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінде , Мектеп парламенті, патриотизм фракциясының ұйымдастыруымен, 6 "А" және 6“Ә” сыныптарында тәжік-ауған соғысының ардагерлері Бухарбаев Бекен Сламғалиұлы және Райымбаев Ізбасар Қайырбайұлымен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты-өскелең ұрпақтың тарихи оқиғаларға деген қызығушылығын ояту, отансүйгіштікті, отанға лайықты, адал қызмет етуге тәрбиелеу. Ардагерлер оқушыларға сол қорқынышты соғыстағы, қарапайым сарбаздардың әрекеттері, олардың ерліктері туралы айтып берді, сонымен қатар оқушыларды қызықтыратын барлық сұрақтарға жауап берді. Әңгімелесуден кейін оқушылар "Ауғанның от - жалыны" атты бейнеролигін көріп, құрметті қонақтарға жылы лебіздерін білдірді.
"Ризашылық- мейірімділік бұлағы" жалпыұлттық мәдени білім беру" жобасы аясында, Мектеп Парламенті ұйымдастыруымен 8-10 сыныптар арасында" Бұл палата қазақ тарихындағы ең ұлы саясаткерді көрсетеді" тақырыбымен Республикалық ұлттық турнирінің мектепішілік кезеңі өтті. Ойын жеңімпаздары марапатталып, қалалық кезеңге “Нокиа” командасы жолдама алды. #менпікірсайысшымын
2022 жылдың 26 желтоқсан күні, мектеп парламенті, «Мәдениет» фракциясының ұйымдастыруымен, №3 ЖББМ-нің 6-7 сынып оқушылары үшін, “Dance Battle-2022” атты жаңа-жылдық би жарысы өткізілді
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі және «Алаш аманаты» онкүндігіне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектеп параменті, дебаттық қозғалыс фракциясының ұйымдастыруымен, 8-9 сынып аралығында, «Тәуелсіздік кубогі -2022 » атты дебаттық ойыны өткізілді. #АлашАманаты
Мектеп парламенті сайлауының финалдық дауыс беру кезеңі аяқталып,жаңа құрамы сайланды.
Парламент президенті -Жасұланқызы Инабат
"Мәдениет" министрі - Бекбау Аксулу
Министр “Права и порядка” – Алипова Амира
"Патриотизм" министірі -Есенова Жансая
Министр "Культуры и искусства" - Никонова Софья
Министр "Дебатного движения» - Куанышева Дина
"Спорт" министрі– Саулаукен Жігер
Министр "Заботы" - Сенник Нина
Министр "Психологии" - Абдулаева Рамина
Мектеп парламенті сайлауының кезеңдері
Құрметті оқушылар! 2022 жылдың 2 желтоқсан күні, мектеп парламенті сайлауы өтетінің хабарлаймыз! Үміткерлер тізімі, мектебіміздің ресми инстаграм парақшасында және бірінші қабаттағы мектеп парламентінің бұрышында жарияланды. Үміткерлермен танысып, дұрыс шешім қабылдап дауыс беруге шақырамыз! #мектеппарламенті
Құрметті оқушылар! 2022 жылдың 2 желтоқсан күні, мектеп парламенті сайлауы өтетінің хабарлаймыз! Үміткерлер тізімі, мектебіміздің ресми инстаграм парақшасында және бірінші қабаттағы мектеп парламентінің бұрышында жарияланды. Үміткерлермен танысып, дұрыс шешім қабылдап дауыс беруге шақырамыз! #мектеппарламенті