Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранымен ашылды. Салтанатты жиынға мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектеп директоры Айман Толеубековна сөз сөйлеп «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған жас жеткіншектерді құттықтап, тілек білдірді. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды. #жасұлан
№ 3 ЖБББМ-нің «Жас Ұлан» бірыңғай жасөспірімдер ұйымының белсенділерінің қатысуымен «Дарынды Жас Ұлан» атты интеллектуалды- танымдық ойыны өткізілді. Сайысқа 6- 7 сынып жасұландықтары қатысып, өз білімдерін көрсетіп, барынша белсенділік танытты. «Дарынды Жас Ұлан» интеллектуалды ойынында бірінші орын иегері болып 6 «Ә» сынып оқушысы Бапаш Медина, ал екінші орын иегері 7 «Ә» сынып оқушысы Бапаш Аида және үшінші орын 7 «Ә» сынып оқушысы Жасуланқызы Инабат атанды
2022-жылдың 14-желтоқсан күні «Жас қыран» ұйымын қабылдау салтанатты іс-шарасы өтті.Бұл мерекелік іс-шараға мектептің тәрбие басынын орынбасылары қатысып,өз құттықтаулары мен ізгі тілектерін «Жас қыран» ұйымының бүлдіршіндеріне жеткізді. Жас қыран балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына 75 оқушы қабылданды.Жас қыран ұйымының мүшелері « Жас қыран» ережелерін бұлжытпай орындауға ант берді.Іс-шараға қатысушылар ант қабылданған соң,»Жас қырандарға» төс белгілерін тағып берді.
2022 жылдың 15 желтоқсан күні, № 3 жалпы білім беретін мектебінде, 16-желтоқсан- Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне қарсы «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына барлығы 44 жас жеткіншек қабылданды.
Мектеп басшының орынбасары Оспанова Бакыт Жумановна «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына кірген жас жеткіншектерді және жиынға қатысқан ұстаздар мен оқушыларды құттықтап,өзінің ізгі тілектерін жеткізді.
Мерекелік іс-шарада оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына ресми түрде қабылдану үшін барлық «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай орындайтыны туралы ант берді. Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының антын 5 “А” және 5 “Ә” сынып оқушылары Айдархан және Мадибек Марияға берілді. «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданып жатқан жас жеткіншіктерге мұғалімдер мен сынып жетекшілері мойынтақтары мен төс белгілерін табыстады.
№ | Атауы | Жүктеу |
---|---|---|
1 | Жас ұлан план | ![]() |
2 | 7 бағыт 5 бөлім | ![]() |