2022 жылдың 15-шілде күні №3 ЖББМ-де "Балалар жылы" аясында "Күншуақ" жазғы сауықтыру лагеріне қатысушы бүлдіршіндермен "Таланттылар" атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шараның мақсаты: Өнерге деген қызығушылығын арттыру, өнерге деген көзқарасын қалыптастыру. Мерекелік концертте балалар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін паш етті. Концерт соңында балалар алғыс хатпен марапатталды. #күншуақ