2022 жылы 19 шілде күні №3 жалпы білім беретін мектебінің "Күншуақ" жазғы сауықтыру алаңында, “Балалар жылы” аясында "Кітап-сарқылмас рухани әлем" тақырыбында кітап көрмесі өтті. Халқымыздың ғасырлар бойы жинап, саралап, сақтап келген рухани мирасын өскелең ұрпаққа жеткізу мақсатында: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой - өрісінің дамытып, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
Қорыта айтқанда, біздің болашағымыз жас ұрпақ дейтін болсақ, сол ұрпағымыздың адамгершілігі мол, рухани бай, өз елінің патриоты, еңбекқор болып бой түзеуіне асыл қазынамыз-кітаптың орны ерекше.