2022 жылдың 17 наурыз күні, №3 ЖББМ-нің 0 “Г” сыныбында, Ұлыстың ұлы күні -Наурыз мейрамына қарсаныңда, «Қош келдің, нұрлы Наурыз!» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үйрете отырып, Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ұғындыру. Мерекелік іс-шара барысында қазақтың ұлттық салт-дəстүрі "Тұсау кесер" дəстүрінен үзінді көрсетіліп, Қыдыр атаның ақ батасын алған сүйкімді балалар, əрмен қарай қызықты ойындар ойнап, әсем ән шырқап,би билеп, тамаша көңіл-күймен қазақтың Жаңа жылын қарсы алды. Наурыз мерекесі құтты болсын!Ел тыныш, туған жер аман болып, арайлап атқан әрбір таң шат көңіл, бақыт пен береке сыйласын