Жазғы демалыс уақытында балалар мен жасөспірімдердің дем алуларына, шығармашылық және қоғамшылдық белсенділігін арттыруға, балалардың өзін-өзі ұйымдастыру қабілеттерін дамытуға, рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбие, көркем шығармашылық, спорт, саяхат пен өлкетану және басқа да танымдық қызмет түрлеріндегі білім мен іскерліктерін арттыруға жағдай жасау мақсатында 27.06.2022-21.07.2022 аралығында, №3 ЖББМ-де “Күншуақ” жазғы сауықтыру алаңының II-ші маусымы жұмыс жасады.
“Балалар жылы” аясында, арнайы жоспар құрылып балалармен біршама жұмыс жүргізіледі. Атап айтсақ, спорттық, ұлттық, танымдық ойындар, алғырлық, зерделік, тілдік шоу-сайыстары, ер балалар мен қыз балалар арасындағы әдеп, салт-дәстүрге байланысты сын-байқаулар, ұлттық дәстүрлер мерекесі, өнер байқаулары, сурет көрмесі, саяхаттар, концерттік бағдарламалар т.б. іс-шаралар өткізілді.
Il-ші мауысымының жабылуына арналған концерттік іс-шарада, біршама шығармашылық сайыстарға белсене қатысқан бүлдіршіндерге мадақтама грамоталары табысталды. #күшуақжазғылагері