Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында бүгін, Жезқазған қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өтті. Пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне 22 фракция қатысты. Қазақ лигасы-13, ағылшын лигасы-2, орыс лигасы-7.
Турнирдің мақсаты: жас ұрпақтың бойында азаматтық позиция мен еркін ойлау, көпшілік алдында еркін сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру, жастар арасында пікірсайыс қозғалысын дамыту.
«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы дебаттық қозғалыс мүмкіндіктерін кеңейту арқылы білім алушыларды әлеуметтендіру және өзін өзі дамыту міндеттерін шешуге бағытталған.
Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша қазақ лигасынан жүлделі
І орынға Жезқазған қаласы білім бөлімінің №3 ЖББМ-нің "Атамекен" дебаттық клубы жеңіп алды. табысталды. Жетекшісі: Тиошенко Л.А