Астана қаласында 16-17 ақпан күндері Алғыс айту күніне арналған "Ризашылық - мейірімділік бұлағы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында мектеп оқушылары арасында өткізілген Ұлыттық пікірсайыс турниріне Жезқазған қаласының №3 жалпы білім беретін мектептің 10 “Б” сынып оқушылары қатысты. Мелынко Богдан "Үздік аналитик" номинациясы бойынша дипломға ие болды. Сондай-ақ "Нокия" фракциясының жетекшісі Тимошенко Лилия Алексеевнаға пікірсайыс қозғалысын дамытуға қосқан үлесі үшін "Алғыс хатпен" марапатталды. Оқушыларымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!!! Алдағы уақытта республикалық турнирелердің жеңімпаздары атанады деген сенімдеміз.