Іс-шараға Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қабылдашұлы Мұқан, Алматы қалалық Ішкі Істер Органы және Ұлттық Гвардия Ардагерлер кеңесінің төрағасы, милиция генерал-майоры Асыл-Кеней Сағынжан Байболұлы, Ұлытау облысы Полиция Департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Искаков Нұрлан Болатұлы, Республикалық IIM «Сұңқар» жасағының Ардагерлер кеңесінің төрағасы, Жанбакиев Болат Құрбанұлы, Ұлытау облысы білім басқармасының басшысының орынбасары Марат Жақыпбекұлы Төребеков, «Сұңқар» Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахметов Тлеулес Тәңірбергенұлы, Жауапты хатшы, отставкадағы полиция подполковнигі Үдербаев Ерлан Нұрсапанұлы, отставкадағы полиция капитаны Қайрақбаев Қаныш Кеңесұлы және Ерден Сауытовтың туыс-туғандарымен, ардагерлер кеңесінің мүшелері, мектеп әкімшілігі, ұстаздары қатысты. Митинг бір минуттық үнсіздік жариялаумен бастау алып, жауынгерді еске алуға арналған бейнероликтер көрсетілді, ескерткіш тақтасына гүл шоқтары қойылды. Іс-шара Ерден Сауытовты еске алуға арналған мектепішілік волейбол турнирімен жалғасты. Батыр-ол адамзат қоғамының мүддесі үшін,сын-сағатта қолынан келген барлық мүмкіндікті жасай алатын адам.Дәл осындай ерлік көрсеткен ,елім деп еміренген,жұртым деп жүгінген нар тұлға Саутов Ерден Балхашұлының халқына атқарған қызметіне басымызды иеміз! Ер есімі-ел есінде!