2025 жылдың 12 қарашасында қала мектептерінің 9-10 сыныптардағы ұлты қазақ оқушылардың арасында «Тіл тұғыры –ұлт тұғыры» тақырыбында зияткерлік ойыны өтті. Іс-шараның мақсаты: қазақ тілін насихаттау, оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру және мәдениетін дамыту. Іс-шараға қатысқан мектеп оқушылары 1 орын жеңіп алды және сертификатқа ие болды. Жетекшілері: Смаилова Бибігүл Букеновна және Ақмолдина Мейрамкүл Советқалиевна . Жеңімпаздарын құттықтаймыз!


