МИССИЯ: "Біз білім алушылардың өзін-өзі табысты жүзеге асыруы үшін, олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру сапасын арттыруға бағыт аламыз" Миссия школы: «Мы нацелены на повышение качества образования с учетом индивидуальных возможностей обучающихся для их успешной самореализации» Құндылықтар: Білім Кәсібилік Отансүйгіштік Адамгершілік Ынтымақтастық Ценности: 1.Знание 2.Профессионализм 3.Патриотизм 4.Гуманизм 5.Сотрудничество Болашаққа бағдар: 2030 жылы біздің мектеп Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізу бойынша алғашқы 10-дық топ тәжірибелік алаңында болуды көздейді; Видение: В 2030 году наша школа в топ 10-ти стажерских площадок по внедрению инклюзивного образования в Казахстане;
Кіру
AA+

+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhez-school3.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ұлытау облысы бойынша Департаменті аса маңызды істер офицері Г.З.Сулейменова, офицері Е.Б.Алпысбеков мектеп оқушылары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында дәріс жүргізді. Оның барысында келесі тақырыптар талқыланды.
Сыбайлас жемқорлықтың ұғымы.
Сыбайлас жемқорлық – жауапты лауазымды атқаратын адамдардың, лауазымдық (қызметтік) өкiлеттiктерін және соған байланысты мүмкiндiктерiн жеке өзi немесе делдалдар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүлiктiк (мүліктік емес) игiлiктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игiлiктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.
Сыбайлас пен жемқорлықтың зияны неде?
Ең бастысы, оның көрінісі ел қауіпсіздігіне елеулі қатер тудырады. Ол қоғамға елеулі қатер келтіреді, мемлекеттік биліктің негіздеріне қол сұғады, мемлекеттік және муниципалдық органдар қызметінің тиімділігін төмендетеді, олардың беделіне нұсқан келтіреді, тұтастай алғанда елдің экономикалық дамуын қиындатады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес.
Жалпы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері ол қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін (көрсеткен) адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен көтермеленеді.
Яғни біржолғы ақшалай сыйяқы төленеді. Егер хабарланған дерек әкімшілік құқықбұзушылық болған жағдайда 30 АЕК, немесе 103 500 теңге ағымдағы жылға.
Қылмыстық істер бойынша онша ауыр емес істер бойынша 40 (138мың), орташа дәрежедегі қылмыс 50 (175мың), ауыр санаттағы қылмыс бойынша 70 (241 мың) және аса ауыр қылмысқа 100 (345мың).
Сыйақы тек расталған деректер бойынша және әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы заңды күшіне енген сәтінен бастап, айыптау үкімі заңды күшіне енгеннен бастап немесе қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту сәтінен бастап төленеді.
Жалпы барлық адамдар, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда 1424 Call орталығына байланысуларына болады. Әрбір дерек тексеріске ұшырайды.