Халқымыздың даңқты да дарабоз жазушы ұлы Сайын Мұратбектің туғанына 85 жыл толуына орай 6-7 сыныптар арасында қаламгердің "Жусан иісі", "Жабайы алма" шығармаларын талқылауға арналған пікірсайыс сабағы ұйымдастырылды. Аталған шара барысында оқушылар жазушы шығармаларындағы негізгі ой, идея мен замана көрінісі, кейіпкерлер характері, автор тілі, көркемдегіш құралдар туралы пікірлерін ортаға салып, бейнематериалдармен танысты.