2022 жылдың 25 ақпан күні, №3 ЖББМ-нің, жас спортшыларының қатысуымен , “Дені саудың-жаны сау” атты дене шынықтыру апталығы аясында, Жезқазған қаласының “Ұлытау” спорт сарайының бапкері, “Самбодан” Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлде иегері -Хасенов Думан Тоғамбайұымен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесу қонағы спорттағы жетістіктерінің құпиясы, отбасы құндылығы және бірлік пен ынтымақ тақырыбында ой бөлісті. Кіші буын өкілдерін жігерлендіріп, намыстарын қайрайтын сөздер айтып, оларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке шақырды.
Сондай-ақ, чемпион жастарға тарихта өткен батыр бабаларымыздың ерліктерін баян етіп, тәуелсіздіктің қандай қиыншылықпен келгеніне тоқталды. Киелі даланы мекен еткен көшпелі бабалардың жауынгерлік ерліктері туралұы тарихи қиссаларды жастарға шебер жеткізіп, сол батырлардың жеке-жеке есімдерін еске алды. Жас спортшылар, Думан Тоғамбайұлымен сұхбат құрып, өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабын алды.