2022 жылдың 4 наурыз күні, №3 ЖББМ-де, 8 Наурыз мерекесі аясында, 4"Ә" сынып оқушыларымен
"Әжелер сөзі-ақылдың көзі" атты тақырыпта, мектепішілік әжелер кеңесі мүшелерінің қатысуымен кездесу өткізілді.
Мақсаты: ақ жаулықты аналарымыздың пікірлерін тыңдау арқылы қазақтың салт -дәстүрін сақтауға, ізгілікке, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, құрметтеуге,ой-өрісін дамыта отырып инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу. Іс-шараның құрметті қонағы ретінде, Ергазина Бақытгүл әжей, Жораева Рахима әжей, Абжанова Маруаш ажей шақырылды.
Кездесуде әжелеріміз ақыл-кеңестерін айтып оқушыларға ізгі тілектерін білдірді. Сынып өнерпаздары ана мәртебесін көтеретін ән-жырларымен кездесудің мазмұнын арттыра түсті.
Кездесуге қатысушылар рухани азық алып, сұрақтарына жауап алды.
