3.11.2025 жылы Ұлытау облысының «Діндерді зерттеу орталығы» КММ-нің директоры Тілләбек Саян Жезқазған қаласы білім бөлімінің “№3 жалпы білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларымен «Жастардың діни иммунитетін қалыптастырудың тиімді тәсілдері» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру жұмысы өткізілді.
Кездесу барысында:
– Зайырлы мемлекет қағидаттары,
– Деструктивті діни ағымдардың белгілері,
– Олардың ықпалынан қорғану жолдары түсіндірілді.
Сондай-ақ интернеттегі күмәнді діни мазмұннан сақтану және тек ресми ақпарат көздерін пайдалану қажеттілігі баса айтылды.


