№ 3 жалпы білім беретін мектебінде 2021 жылдың 15 желтоқсан күні 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына барлығы 50 жас жеткіншек қабылданды.
Салтанатты жиында мектеп басшысы Болатбекова Жанагуль Жанабайқызы жас жеткіншектерге толағай табыстар мен үлкен жетістіктер тілеп, жасаған жаңа қадамдарың тек алға жетелей берсің деп өзінің тілегін жолдады. Республикалық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының антын қабылдау құрметі 5 “А” және 5 “Ә” сынып оқушылары Ербол Ерасыл мен Ғазиз Еркеназға берілді.
«Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылданып жатқан жас жеткіншіктерге мектеп әкімшілігі, мұғалімдер мен сынып жетекшілері мойынтақтары мен төс белгілерін табыстады.
«Жас Ұлан» ұйымының қатарына енді ғана қабылданған жас жеткіншіктерге жаңа қадамдарыңа құт қонсын, үлкен жетістіктерге жетіп еліміздің енсесің асқақтата беріңдер, болашақтарын жарқын болсын деп тілейміз.