2021 жылдың 3 қыркүйек күні, №3 ЖББМ-де, Қазақстан халықтарының “Тілдер күні” қарсаңында 6 сынып оқушыларымен «Language is a window to a new world» тақырыбында, үш тілде интеллектуалды марафоны өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеуге тәрбиелеу.