Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және облыстық, "Өнегелі өмір" жобасы аясында 7 "Ә" сынып оқушыларының қатысуымен, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының қатысушысы, Ө.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті тәрбие және жастар саясаты орталығының басшысы, Жезқазған қаласының Құрмет грамотасы мен "Тәуелсіздік жаршысы" төсбелгісінің иегері Гүлжазира Акубаевамен кездесу өткізілді. Оқушылар дайындаған өлең шумақтарымен басталған шарада одан әрі Гүлжазира Әубәкірқызы Желтоқсан оқиғасы мен оған қатысушы жастар ерлігі, олардың арман-мұраты жайлы кеңінен тарқатты, балалар сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды.