2021 жылдың 15 желтоқсан күні, №3 ЖББМ-де, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздік -мәңгілік елдің тұғыры” атты тақырыпта салтанатты жиын өткізілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы еңгізіліп, Әнұранның шырқалуымен бастау алды. Салтанатты жиын қатысушыларын Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен мектеп басшысы Болатбекова Жанагүл Жанабаевна құттықтап, 30 жылдыққа -30 мектеп ұстаздарымен, қызметкерлерін мадақтама грамоталарымен марапаттады. Салтанатты жиында мектебіміздің жас өнерпаздары ұлттық рухты көтеретін, патриоттық сарындағы әндер шырқап, мың бұрала би билеп, күмбірлеткен күйлерінен сусындатты, сонымен қатар сахнада “Желтоқсан оқиғасынан” үзінді көрсетіліп, “Қыран” үгіт-насихат тобының өлең жолдарымен жалғасты. Осылайша сахна төрінде өнер көрсеткен мектеп таланттары бейбіт өмір сыйлаған батырларға алғысын жеткізгендей. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай!