2021 жылдың 11 желтоқсан күні, №3 ЖББМ-де, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында, “Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы” атты тақырыпта, 1-6 сынып оқушыларының қатысуымен патриоттық әндер байқауы өткізілді.
Байқау мақсаты:Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу. Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.
Келесідей байқау шарттары ескерілді.
-Ән жанды дауыста шырқау
-Әннің орындалу шеберлігі
-Сахна мәдениеті және киім үлгісі .
Байқауға барлық қатысушылар белсене қатысты. Байқауды қорытындылай келе, жас өнерпаздар “Вокал” және “Хор” номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болып мақтау қағаздарымен марапатталды.
#тәуелсіздікке30жыл #патриоттықәндербайқауы #UMCkrg #UMCТәрбие