Ұрпақ санасына қастерлі тәуелсіздік жылдарының қасиетін ұғындыру және 30 жылда еліміз жеткен 30 жетістіктерді насихаттау мақсатында, 2021 жылдың 14 желтоқсан күні, №3 ЖББМ-нің 1-11 сыныптар аралығында, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында “Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы” атты тақырыпыта тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттары мемлекеттік әнұранмен басталып тәуелсіздік жылдарындағы мемлекеттік құрылыстың негізгі қорытындылары мен перспективалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз мемлекетті нығайтудағы тарихи рөлі туралы айтылды.Тәрбие сағаттарының қорытындысы бойынша оқушылар өткенге тағзым ете отырып, болашаққа жарқын көз қараспен ой жүгіртті, тәуелсіздік туралы ән-жыр айтып, рухани мол азық алды.