«Төрт тоқсан-төрт өнер" ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында, №3 ЖББМ-де "Қара сөздің жауhарлары» атты ақын, журналист Мұқағали Сейтқазымен кездесу өткізілді. Іс-шара мақсаты: Оқушыларды ақындардың шығармашылықтарымен таныстыру, кіші буын жастарға патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту. Оқушылар ақын өлеңдерін тыңдай отырып, жасынан өлеңді серік еткен Мұқағали Сейтқазының шығармашылығынан біршама ой түйді.