2022 жылдың 5 наурыз күні, 8 Наурыз мерекесіне орай және отбасылық тәрбие бағыты бойынша, “Супер Ана-Супер Бала” байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал етіп, ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, жағымды қарым-қатынас орнату. 5 кезеңнен тұратын бұл бәйгеде, қатысушы ата- аналар мен оқушылар «Ине-жіптен игілік иірермін», «Ата салтым, тәлімді ой сынағым», «Өнер менің өмірімде», «Ой түбінде жатқан сөз» және “Кім жылдам” бөлімдері бойынша бәйгеге түсіп, бір- біріне есе жібермеді. Қазылар алқасының шешімі бойынша:
“Бас жүлдені” 5 “Ә” сынып оқушысы Еділбай Жасмина мен анасы Әбділдина Қымбат Қойшыбекқызы жеңіп алса,
І орынды - 6 “А” сыныбынан Нұрымбетова Аяулым Кенжебекқызы, Нұрымбетова Ажар
ІІ орынды - 5 “Б” сыныбынан Елубаева Асел Омирбековна, Абилова Сания
ІІІ орынды - 7 «Ә» сыныбы Әбдімомынова Ләйлә Шайзадақызы, Есенбек Гүлсезім иеленді.
Барлық байқау қатысушыларына мектептің кәсіподақ тарапынан сыйлықтар таратылса, орын иегерлеріне байқау демеушілері: Яна Бережнева, Гүлжан Кадеровна, Ирина Олеговна және Қарлығаш Оспановадан сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Барлық байқау қатысушылары мен демеушілерімізге алғыс білдіреміз.