Менің ұстаз ретінде өмірден күтетін сыйым не? Атақ па? Марапат па? Жоқ! Ең бастысы – баланың маған қарап күлімдеген көздері, жарқыраған жанары. Мен балалардың көзінен қуаныш көру үшін жұмыс жасаймын, өмір сүремін. Демек, менің мамандығым – жер бетіндегі ең негізгі мамандық, әлемдегі барлық мамандықтардың анасы.
Жақсы ұстазға екі ғана нәрсе керек: оның бірі – терең білім, екіншісі – үлкен жүрек.


