5 қазан – «Ұстаздар күніне» орай мерекелік іс-шара аталып өтті. Мақсаты: «Ұстаздар күні» мерекесін мерекелеу және мұғалім мәртебесін арттыру.
Мектеп директоры А.Т. Мукашева бірқатар ұстаздарды өскелең ұрпаққа білім берудегі және тәрбиелеудегі жетістіктері үшін, берекелі елдігіміз бен бірлігіміздің нығаюына және өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие берудегі қосқан еңбегі үшін Құрмет грамотасымен , алғыс хаттармен марапаттады. Оқушылар және жас мамандар ән шырқап, ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


