2022 жылдың 22 ақпан күні, №3 ЖББМ-нің, 1 “А” , “Б” , “В”, “Г” “Д” сыныптар аралығында, “Дені саудың-жаны сау» атты дене шынықтыру апталығы аясында, "Көңілді старт", "Кім алда?" атты спорттық эстафеталары өткізілді.
Мақсаты: Эстафеталар арқылы оқушылардың қозғалыс қабілеттерін дамыту.
Денені шынықтыру, қимылды ойындар арқылы сынып намысын қорғау. Қыстық ойындардың бала денсаулығын нығайтуға тигізетін пайдасын түсіндіру. Балалар іс жүзінде салауатты өмір салты, мықты денсаулық және жақсы көңіл-күй үшін қажетті дене жаттығуларының маңыздылығымен танысып,
таза ауадағы қимыл- қозғалысты жарыста әр сынып оқушылары қызығушылықпен өте белсенді қатысты.