2022 жылдың 23 ақпан күні, №3 жалпы білім беретін мектебінде 2 “А” , “Ә” сыныптар аралығында, “Дені саудың-жаны сау» атты дене шынықтыру апталығы аясында, "Спорт -біздің серігіміз" атты спорттық жарыс өткізілді. Екі сыныптың оқушылары «Жалын», «Қыран» топтары болып сайысқа түсті. Екі топта өздерінің мықты екендерін көрсетті. Сайыс соңында екі топтың ұпайлары тең түсіп, достық жеңіске жетті. Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттай отырып спорттық ойынды дамыту және оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту. Оқушылардың денсаулығын арттыру және шапшаңдыққа, жылдамдыққа, төзімдікке, салауатты өмір салтына тәрбилеу. Спорттық жарыстар - бұл адамдардың назарын салауатты өмір салтына аударудың және олармен жаттығу әдеттерін дамытудың тәсілі.