№3 ЖББМ-де, логопед Валиева В.С., дефектолог Сембина Қ.Д. «Сиқырлы орманға саяхат атты сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалардың жеткен жетістіктерін көрсету мақсатында іс – шара өткізді. Оқушылар артикуляциялық, тыныс алу, саусақ жаттығуларын, қимыл – қозғалыспен музыкалық динамикалық үзілістерді, тақпақтарын, әндерін, билерін, «Теремок» ертегісінің қойылымын көрсетті. Көрерме болып келген мектеп әкімшілігі, мұғалімдер,ата-аналар ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.