2025 жылдың 31 қазан күні №21 жалпы білім беретін мектеп базасында Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қалалық білім бөлімі орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің «От текста к пониманию: стратегии развития читательской грамотности» атты қалалық семинары өтті.
Семинардың мақсаты – орыс тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың заманауи әдістемелік тәсілдерін талқылау, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру және тәжірибе алмасу арқылы оқушылардың тілдік және оқырмандық құзыреттілігін дамыту болды.
Іс-шара барысында тәжірибелі педагогтер өздерінің авторлық әдістемелік жұмыстарымен және тиімді тәжірибелерімен бөлісті:
• №10 жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Баяндина Манара Амантаевна – «Пути развития языковой компетенции учащихся на уроках русского языка и литературы» тақырыбында;
• №3 жалпы білім беретін мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Зазерская Елена Владимировна – «Развитие читательской мотивации у подростков» тақырыбында;
• Қаныш Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейдің орыс тілі пәні мұғалімі Рыскулбекова Багдат Закировна – «Формирование читательской грамотности с помощью познавательных задач по русскому языку» тақырыбында;
• №133 орта мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мусаева Сагдат Жарылгаповна – «Развитие критического мышления через анализ текста» тақырыбында баяндама жасады.
Семинар барысында қатысушылар оқу үдерісінде оқушылардың мәтінді түсіну, талдау және шығармашылық тұрғыдан қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталған тиімді әдістерді талқылады.
Педагогтердің жаңашыл көзқарастары мен тәжірибелік жұмыстары жоғары бағаланып, іс-шара кәсіби шеберлікті арттыру мен өзара тәжірибе алмасуға зор мүмкіндік берді.


