2022 жылдың 23 мамыр күні, №3 ЖББМ-нің акт залында, 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша, “Саналы ұрпақ-жарқын болашақ” атты үздіктер слёті өткізілді.
Ең үздік оқушыларымызды оқу-жылының аяқталуымен мектеп директоры Мукашева Айман Толеубековна құттықтап, толағай табыстар тіледі. Үздіктер слётінде 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша үздік атанған 135 оқушыға Қазақстан Республикасының білім министрлігінің мақтау қағаздары табысталды, сонымен қатар ғылыми жобалар, шығармашылық сайыстар мен спорттық турнирлердің жеңімпаздары мадақтама грамоталарымен марапатталды. Үздіктер слётінде мектепшілік интеллектуалды марафон жеңімпаздарына, шахмат мектебінің, және вежда газетінің еріктілері мен редколлегия мүшелеріне сертификаттар мен алғыс хаттар табысталды. Салтанатты іс-шара байқауларға қатысып олжамен оралған, 15 номинация бойынша жүзден жүйрік мыңнан тұлпар атанған оқушыларды марапаттау рәсімімен жалғасты.
Іс-шарада өнерпаз оқушыларымыз әсем әндері мен мың бұралған билерін орындап, ата-аналарды, мұғалімдерді риза етті.
“Ел болашағы-дарынды жастардың қолында”-демекші, ұрпағымыз білімді, келешегіміз кемелді болсын!