05.10.2020 күні Astana International Exchange Басқарма мүшесі, Ренат Бектұров youtube желісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жаңа форматтағы «Адалдық сағатын» өткізді.
Бұл «Адалдық сағаты» қазақстандық жастар үшін жаңа тұлға, замандас және табысты жас көшбасшы Ренат Бектұровты танытқанымен ерекшеленді. Бәрімізге белгілі, «Адалдық сағаты» акциясының негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, инабаттылық және сенім сияқты ең маңызды адамгершілік құндылықтарды дарыту. Бейне-дәріс барысында көрермендер қандай мектеп мұғалімі өміріне әсер еткенін, оның ойынша жастар үшін сәттіліктің кепілі не екенін және зияткерлік ұлтты қандай қасиеттерді анықтайтынын білді. Адалдық сағатын мектебіміздің 8-11 сынып оқушылары тамашалап, жақсы пікір қалдырды.