Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын , елін қорғай білуге тәрбиелеу мақсатында, 2022 жылдың 6 мамыр күні, №3 ЖББМ-нің 1-11 сыныптарында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығы аясында, 'Ұранды ердің - ұрпағы қайсар' атты тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.
Құрметті әріптестер, ерлер, жігіттер!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің даңқты дәстүрі кең-байтақ жерімізді қорғап қалған батыр бабаларымыз бен Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің өшпес ерлігінен бастау алады. Отан қорғаушылар күні мерекесі ерліктің, ар-намыс пен батылдықтың символы. Бұл күні біз ардагерлерімізге, Қарулы күштер жауынгерлері мен офицерлеріне, жалпы өскелең ұрпаққа үлгі болатын барша Отан қорғаушыларға ерекше үміт артып, сенім білдіреміз! Біздің бейбіт өміріміздің қорғаны сіздер болғандықтан, қайсар жандарға қашан да сенім артамыз! Тәуелсіздігіміздің тұғырының биік, көк байрағымыздың еркін қалықтауы сіздердің қолдарыңызда! Сіздер біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігінің сенімді кепілісіздер! Мерейлі мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық, зор табыстар тілейміз.
#7мамыр?_отан_қорғаушылар_күні_құтты_болсын
