Мектепішілік “Атамекен” ұшқыр ой алаңы дебаттық клубының жоспарына сәйкес, қараша айынының 22-23 аралығында, кезекті ойындары, "Бұл палата әскерде қызмет ету міндетті емес деп санайды", және “Бұл палата: өтіріксіз әлем қазіргі әлемнен жақсы деп санайды" резолюциялары бойынша өткізілді.
Пікірталас ойындарына 8 және 9 сыныптардың 5 командасы қатысты: Олар: "Витаминдер"," Мираж"," Комсомольск"," Шах және Маат", және "ДАА".
Ойын қорытындысы бойынша:
I орынды 9"Б" сыныбының "Шах и Маат " командасы,
II орынды 8" Б " сыныбының «Мираж» командасы ,ал III орынды 9 «А» сыныбының "Комсомольск" командасы иеленді.
