№3 мектептің “Жас сақшы” сыныбына патриоттық кездесу өткізілді
Кездесу барысында жас өрендерге ІІ дәрежелі «Айбын» орденінің иегері, батыр полиция капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі туралы бейнесюжет көрсетілді. Бұл арқылы оқушыларға батылдық пен отансүйгіштік рухын сіңіру көзделді.
Сонымен қатар, криминалист маманның жақын досы арнайы криминалистік чемоданмен таныстырып, оның ішіндегі әр құралдың қандай жағдайда және қалай қолданылатынын түсіндірді.
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың полиция қызметіне деген қызығушылығын арттырып, елге адал қызмет етуге тәрбиелейді.


