МИССИЯ: "Біз білім алушылардың өзін-өзі табысты жүзеге асыруы үшін, олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, білім беру сапасын арттыруға бағыт аламыз" Миссия школы: «Мы нацелены на повышение качества образования с учетом индивидуальных возможностей обучающихся для их успешной самореализации» Құндылықтар: Білім Кәсібилік Отансүйгіштік Адамгершілік Ынтымақтастық Ценности: 1.Знание 2.Профессионализм 3.Патриотизм 4.Гуманизм 5.Сотрудничество Болашаққа бағдар: 2030 жылы біздің мектеп Қазақстанда инклюзивті білім беруді енгізу бойынша алғашқы 10-дық топ тәжірибелік алаңында болуды көздейді; Видение: В 2030 году наша школа в топ 10-ти стажерских площадок по внедрению инклюзивного образования в Казахстане;
Кіру
AA+

+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/zhez-school3.edugov.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

№3 ЖББМ-де Ұлы Отан соғысының 76 жылдығы аясында, патриоттық тұрғыда тәлім-тәрбие, жастарға рух-жігер сыйлайтын  «Естелік партасы» атты акция бастау алды.

"Естелік партасы" акциясы аясында, сыныптағы әрбір парта – патриоттық сипатқа, тағылымды маңызға ие. ҰОС-ның 76 жылдығы қарсаңындағы іс-шараны мектеп оқушылары жоғары құрметпен қабылдады. Акция аясында әрбір партаға майдан жауынгерлерінің суреті қойылып, өмір сүрген тарихы бейнеленген. Әскери-патриоттық тәрбиенің мақсаты – жас ұрпақтың отансүйгіштік қабілетін, елімізді қорғауға қызығушылығын ояту, Қазақстан халқының достығын сақтау мақсатында қабілетті азаматтарды тәрбиелеу. Әскери-патриоттық тәрбие беру арқылы жастардың саналы сезімін, көзқарасын қалыптастыруға болады. Міне, «Естелік партасы» акциясы аясында шәкірттер батырлардың ерлігін біле отырып, өздеріне үлгі-өнеге алуда. 7 -мамыр Отан қорғаушылар күні аясында, АӘД пәнінің ұйымдастырушы оқытушысы Шакенов Б.Ж "Ұрпаққа үлгі болған Ерлік" атты тақырыпта ерлік сабағын өткізді.

Бабалардың игі дәстүрлерін сақтайтын, өз елінің патриоттары болатын ұрпақ тәрбиелеу жолында акция жастарға рух-жігер сыйлайды деген сенімдеміз.

2021 жылдың, 4 мамыр күні №3 ЖББМ-нің мектепалды 0"Г" даярлық сыныбында "Ұлы Отан соғысының 76-жылдығының аясында "Ерлік елге-мұра" атты ашық тәрбие сағаты, онлайн форматында ZOOM  платформасы арқылы өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларды бейбітшілікті сақтауға,өз Отанын құрметтеуге, адал және батыл болуға тәрбиелеу. Оқушылар осы ашық тәрбие сағаты арқылы патриоттық сезімдерін оятып , сюжеттік суреттер арқылы ой-өрісін кеңейті,ой толғаныс жұмыстары арқылы сабаққа қабілеттері ашылды. Сынып жетекшісі: Абдрахманова Гульмира Орынбековна

2021 жылдың 5 мамыр күні, Ұлы Отан соғысының 76-жылдығы, 7-мамыр Отан Қорғаушылар күні және Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің құрылғанына 29-жыл толуына орай №3 ЖББМ-нің 10-11 сыныптар арасында, "Сұнқар" әскери-патриоттық ойыны өткізілді. Мақсаты: - Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге баулу.

-Оқушылардың дене даярлығын спорттық шеберліктерін арттыру.

-Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалардың ерлігін үлгі ету. Жоғарғы сынып оқушылары Автоматты бөлшектеп жинақтау , кедергілер арқылы жүгіру эстафетасы, аптық және атыс даярлығы (пневматикалық пистолеттен оқ ату) сияқты кезеңдер бойынша сайысқа  түсті. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі I-орынды -11 «Б» сыныбы, II-орынды 11 "А" сыныбы  иеленді.

№3 ЖББМ-де, Ұлы Отан соғысының 76 жылдығы қарсаңында «Ұлы Жеңіс жаңғырығы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменін мақсаты: Бүгінгі жастардың өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.

Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдардағы өлке тарихының сырын ашатын кітаптар, электрондық құжаттар, журналдар жинақталған. Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай, тағзым етуге тәрбиелейтін кітаптар оқуға ұсынылды.