2022 жылдың 16 ақпан күні, №3 ЖББМ-де, облыстық “Өнегелі өмір” жобасы аясында, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Жезқазған қаласының құрметті азаматы, Т.Қалмағамбетов әнші- Береке Көшеновпен кездесу өткізілді. Іс - шара мақсаты – оқушыларымызды ағамыздың шығармашылығымен таныстырып, кіші буын жастарына патриоттық рух беріп, адамгершілік қасиеттерге баулу.
Кездесу барысында әншінің өмірбаяны, ата-анасы, отбасы, қызметі жайында оқушыларға кеңінен таныстырылды. Оқушылар әншіге өздерінің толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Кездесу соңында, Береке Көшенов Жезқазған қаласының гимніне айналған “Жезқазған маршы” әнің орындап, сынып оқушыларына, мектеп ұжымына жылы лебіз, тілектерін білдірді. Кездесу өте жоғары дәрежеде өткізілді.
Модератор: Кенжетаева Гульназ Темірғалиқызы, 5 “Ә” сынып жетекшісі.
