2021 жылдың 5 қараша күні, №3 ЖББМ-нің 5 "Ә" сыныбының қатысуымен, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойының құрметіне орай "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқушыларға өздері оқып, танысқан Мұқағали өлеңдері мен шығармашылығынан жан- жақты деректер бере отырып, танымдық көзқарастарын қалыптастыру, шығармашылықтарын шыңдау. Оқушыларды поэзияны сүюге баулу, Отанын, елін, ұлтын сүюге тәрбиелеу. Ашық тәрбие сағатында балалар "Ғасыр ақыны" атанған Мұқағали Мақатаевтың өмірімен, еңбек жолымен және шығармашылығымен танысты. Балалар ақынның "Ана-сен бақыттысың" және "Үш бақытым" өлеңдерін жатқа оқыды. Сабақты қорыта келе балалар. М.Мақатаевті тек ақындық емес, сонымен қатар аудармашылық қырынан да таныды.