Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің орта білім беру комитеті Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы 2022-2024 жылға ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларды гранттық қаржыландыру шеңберінде «Мектеп оқушыларын кәсіби бағдарлаудың инклюзивтігін қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық-әдіснамалық негіздері» ғылыми жобасын іске асыру барысында 2022 жылдың 6 желтоқсанында Жезқазған қаласы білім бөлімінің әдіскері Ш.Абылқасымовнаның жетекшілігімен Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «№3 жалпы білім беретін мектебі» КММ-де Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы инклюзивті білім беру орталығының бас сарапшысы Ноғайбаева Гүлбаршын Әскенқызы мен Темірбаева Майя Жеңісовна инклюзивті білім беру жағдайында еліміздің мектеп оқушыларының кәсіби бағдарлануы мен әлеуметтенуінің жағдайын зерделеу барысында мектепішілік құжаттармен танысып, мектеп әкімшілігі, педагогтер, ата-аналар, білім алушылармен сауалнама жүргізіп, интервью алды. Мектептің кәсіби бағдар беру барысында жүргізіліп жатқан жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасып, пайдалы ақпарат, идеяларымен бөлісті.