22 Наурыз - күн мен түн теңеліп, ел ырысқа кенелетін шуақты мереке, Жаңа жылдың бастауы. Халқымыздың ұлттық мерекесі әз-Наурызды ұлықтап, қадірін арттыру, мазмұнына терең бойлау мақсатында 2022 жылдың 17 наурыз күні, мектебімізде "Наурыз-думан!" атты мерекелік іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында мектебіміздің жас өнерпаздары кезекпен шығып қосыла ән шырқап, би билеп, мерекелік сауықты тамашалауға жиналған көрерменге көтерікі көңіл күй сыйлады. Көктем аруы мен Қыдыр ата Наурыз батасын берді. Мерекелік іс-шара талапты балдырғандардың орындауындағы "Наурыз-думан" хорымен жалғасты. Наурыз мейрамы бірлігіміз бен татулығымыздың, салт –дәстүріміздің, тіліміз бен дініміздің дамуына себепші ұлы мерекеге айналып отыр. Егеменді елімізде бір шаңырақ астында өмір сүретін халықтың бірлігі мен татулығы нығайып, еліміздің көк байрағы биіктерден көріне берсін! Наурыз мейрамы бірлігіміз бен татулығымыздың, салт –дәстүріміздің, тіліміз бен дініміздің дамуына себепші ұлы мерекеге айналып отыр. Егеменді елімізде бір шаңырақ астында өмір сүретін халықтың бірлігі мен татулығы нығайып, еліміздің көк байрағы биіктерден көріне берсін! Бақ пен дәулеттің мерекесі –Наурыз мейрамы әр отбасына амандық –саулық әкелсін деп тілейміз!