2023 жылдың 1 қыркүйек күні, №3 ЖББМ-де, Білім күніне арналған “Мектебім - мейірім мекені” атты салтанатты жиыны өткізілді. Жиынға Жезқазған қаласының әкімі Қ.А. Шайжанов қатысып, бүлдіршіндерді алғашқы қадамдарымен құттықтап, жаңа оқу жылына толағай табыс тіледі.
БІРІНШІ ҚЫРКҮЙЕК жаңа бастамалардың, жаңа ізденістердің, жаңа идеялардың символы. Еңбектің ең үлкені - Білім!
Құрметті ұстаздар!
Жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы қажырлы, өлшеусіз еңбектеріңіз әркез жемісті бола берсін! Шығармашылық игі бастамаларыңызға, педагогикалық ізденістеріңізге жаңа серпін, толағай табыстар тілейміз!
Ал біздің оқушыларымызға - осы тамаша заманның керемет мүмкіндіктерін пайдаланып, ілім-білім жинауға қашанда асығыңыздар дегім келеді! Озық ойлы, өрісі кең, өрелі азамат болуға әркез ұмтылыңыздар! Болашақ сіздердің қолдарыңызда!
Мереке құтты болсын! #bilim_quni #жаңаоқужылы #1қыркүйек