“Шуақты дала - өнегелі бала” айлық жоспарына сәйкес, “Ұлттық ойындар” күні аясында, қазақ халқының ұлттық мәдени құндылықтарын сақтаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын, асық ату, арқан тарту және тоғызкұмалақ ұлттық ойын түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Ойын түрлеріне 5-8 сынып оқушылары қатысып, ерекше белсенділік танытты және мадақтама грамоталарымен марапатталды.