Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 22 тамыздағы № 3-05-4/5704-И-хат тапсырмасын орындау мақсатында 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап оқу-тәрбие процесіне денешынықтыруға арналған қысқа жаттығу енгізілді. Осыған байланысты 2025 жылғы 9 қыркүйектен бастап аптасына бір рет әр сейсенбі сайын сабақ басталар алдында мектебімізде 3 минуттық дене шынықтыру жаттығулары барлық сыныптарда ұйымдастырылды.


