Оқушыларды қазағымыздың салт - дәстүрлерінің бірі – амал мерекесінің ерекшелігімен таныстыру және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, сыйластыққа баулу мақсатында, 2023 жылдың 14 наурыз күні, 1-11 сынып оқушылары үшін, көрісу (амал) мерекесіне орай тәрбие сағаттары өткізілді. «Көрісу күні» жасалатын салт – дәстүрлер, ырымдар, атқарылатын іс – шаралар туралы талқыланды. Салт – дәстүрге байланысты сұрақтар қойылып, ізгі тілектер айтылды. Өлең шумақтары оқылды. Бұл күн - бата алатын, көрісетін күн. Бүгінгі таңда, "Амал" мерекесін ұлықтаудың ең басты себебі - ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрыпымызды ұмытпау.
14 наурыз - Көрісу мейрамы, амал мерекесі. Көрісу күнінде халық қыстан аман - есен шыққанына қуанып, бір - бірімен қол алысады. Бұл күні барлық өкпе - реніш ұмытылып, кешіріледі. 14 наурыз көрісу күні құтты болсын!