4 маусым ҚР Мемлекеттік Рәміздеріне 30 жыл. Мемлекеттік Рәміздер - біздің сонау ғасырлар қойнауынан сыр шертер тағылымды тарихымыздың шынайы көрінісі. Оның мазмұнды нышандары кешегі өткенімізді айшықтап, ертеңгі мақсатымызды айқындап тұр. Рәміздердегі нышандар арқылы қазақстандық қоғамның әлем алдындағы бейнесі қалыптасады. Рәміздерге деген құрмет - азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі. Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесіне орай №3 ЖББМ-нің ұжымы Мемлекеттік Гимнді орынды. №3 Жалпы білім беретін мектебі сіздерді ҚР Мемлекеттік Рәміздер күнімен шын жүректен құттықтайды. Әрдайым еліміз тыныш, халқымыз аман, туымыздың мәртебесі биік болсын!