2022 жылдың 15 ақпан күні, №3 ЖББМ-де, облыстық “Өнегелі өмір” жобасы аясында, ҚР еңбек сіңірген әртісі, Жезқазған қаласының құрметті азаматы, Т.Қалмағамбетов атындағы филармонияның әртісі-, Ғалым Мұхамединмен кездесу өткізілді. Іс-шараға қатысқан оқушылар, жетістік пен табысқа жеткен, Ғалым Мұхамединнің тағылымы мол әңгімелерін тыңдап, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, еркін пікір алмасты . Кездесу қонағы оқушыларға арнап сүйікті әндерінің бірі, соның ішінде тарихи әні “Гәкку” әнің орындап берді. Кездесу соңында қонағымыз балаларға, оқуда толағай табыстар тілеп, жылы лебізін білдірді.
Модератор: Кенжетаева Гульназ Темірғалиқызы, 5 “Ә” сынып жетекшісі.
