2022 жылдың 25 сәуір күні №3 ЖББМ-нің 1-11 сыныптарында, өскелең ұрпақты патриотизм, жоғары мәдени-адамгершілік құндылықтар, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін құрметтеу рухында тәрбиелеуге, қоғамдағы ынтымақтастық пен өзара қолдауға бейілділікке бағытталған «Бірлік сабақтары» өткізілді.
Мақсаты: Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімді нығайту, азаматтарды ел дамуының ортақ міндеті айналасына топтастыру, ортақ мәдени-рухани құндылықтар мен жалпыұлттық сананы қалыптастыру. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
#БірлікСағаты?
