2023 жылдың, 20 ақпан күні 8 - 11 сынып оқушыларына арналған «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оқушылардың құқықтық санасын тәрбиелеу» тақырыбында кездесу өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың өз іс - әрекетіне жауапкершілік сезімін ояту, заңдылықтардың қажеттілігін және міндетті түрде сақталуын сезіну, құқық бұзушылық, қылмыс туралы негізгі түсініктерді қалыптастыру, басқалардың іс - әрекетін талдау, өз көзқарасын білдіру қабілетін дамыту. Кездесуге Жезқазған қаласының полиция бөлімінің капитаны А.Есенғабулов, және полиция аға сержанты А. Жанадилова қатысты. Іс - шара соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жауап алды, және де жасөспірімдерге үйде және көшеде, қоғамдық орындарда қауіпсіз жүріс - тұрыс ережелері ескертілді.