Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен Алғыс айту күніне арналған «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында бүгін, Жезқазған қаласының №10 жалпы білім беретін мектебінде Ұлттық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңі өтті. Пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңіне 22 фракция қатысты. Қазақ лигасы-13, ағылшын лигасы-2, орыс лигасы-7.

«Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы дебаттық қозғалыс мүмкіндіктерін кеңейту арқылы білім алушыларды әлеуметтендіру және өзін өзі дамыту міндеттерін шешуге бағытталған.

І орынға Жезқазған қаласы білім бөлімінің №3 ЖББМ-нің "Атамекен" дебаттық клубы жеңіп алды. табысталды.
Облыстық кезеңнің І орын жеңімпаздары, Республикалық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздарды құттықтай отырып, Республикалық кезеңге сәттілік тілейміз!




