Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан, жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.
Биыл мектебімізге 5.740000тг қаржылай көмек бөлінді. Оның ішінде аз қамтылған 140 балаға 41000 - нан бөлініп ата - аналардың шотына жіберілді. Ата - аналар балаға қажетті оқу құралдары мен сабак киімдеріне жұмсалды.
Сондай - ақ, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі еліміздің барлық азаматтарына, бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, меценаттарға акцияға қосылуға және өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға, отбасыларға көмек көрсетуде, сондай - ақ мектепке өз жолын табуға қол ұшын беруде үлестерін қосуға шақырады.