21.02-01.03.2023 ж. аралығында 5-8 сынып оқушыларымен «Қауіпсіз интернет», «Интернетке тәуелділік: одан қалай құтылуға болады» тақырыптарында топтық сабақтар өткізілді. Интернет оқу, демалу немесе достармен байланысу үшін тамаша және пайдалы құрал бола алады. Бірақ бұл қауіптерге де толы болуы мүмкін: нақты әлемде сияқты, Интернетте қылмыстық әрекет жасаушылар, бұзақылар, ұрылар мен алаяқтар, агрессивті ақпараттар және басқа да қоғамға қауіпті материалдардың болуы. Дүниежүзілік желіде балаларды тағы қандай қауіптер күтіп тұр? Интернетті денсаулық пен өмірдің жауы емес, досы мен көмекшісі екенін қалай жасауға болады? Осы мәселелердің барлығы сабақ барысында талқыланады, интернетті қауіпсіз пайдалану ережелері анықталады.